Текст
Біржан сал ауданының мәдениет үйінде" Ұстаздар күні" мерекесіне арналған іс-шарада Қоғам ауылының Шәймерден Қосшығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдер ұжымы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың "Алғыс хаты"-мен марапатталды. Сонымен қатар мектебіміздің отыз, қырық жылдан астам еңбек өтілі бар ұстаздарымыз Нурушева А.Ә. Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Ш.Оразалинның "Алғыс хаты"-мен, Доскенова Ш.С. облыстық кәсіп одақ ұйымының төрағасы Б.Абдрахмановтын "Құрмет грамотасы"-мен марапатталды.