"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша  білім бөлімі Қоғам ауылының Шәймерден Қосшығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Шаймердена Косшыгулова села Когам отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қауіпсіз мектеп автобусы» 2020-2021 оқу жылы

Шәймерден Қосшығұлов атындағы Қоғам орта мектебі

Республикалық «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы туралы ақпарат

2020-2021 оқу жылы

Шәймерден Қосшығұлов атындағы Қоғам орта мектебінде Республикалық «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы ұйымдастырылды. Оқушыларды білім алу орнына тасымалдауды ұйымдастыруда қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету, сондай-ақ балаларды мектеп автобусымен тасымалдауды жүзеге асыру барысында жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында  айлық жоспар құрылды. Жоспарға сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп сайтына Қаратал ауылынан тасымалданатын оқушыларды жеткіздіретін автокөлік жайында барлық ақпараттар салынды. (тасымалданатын оқушылардың бекітілген тізімі,  автокөліктің суреттері,  маршрут схемасы, көліктің техникалық байқаудан өтуі туралы, автокөлік жүргізушісі жайында  ақпарат) Тасымалданатын оқушылармен ай сайын  қауіпсіздік нұсқаулар беріліп отырады. Оқушылардың мектепке келуін, мектептен кетуін қадағалап отыратын мұғалімдердің кезекшілік кестесі құрылған. Кестеге сай мұғалімдер кезекшілігін атқарады. Тасымалданатын оқушылардың  мектепке келіп, кетуіндегі автобус ішіндегі қауіпсіздігін қадағалаап отыратын  жауапты адам  Булатова А.Б. бұйрық бойынша бекітілген.1-4  сыныптар аралығында  «Жол тәртібін сақтайық» тақырыбында  сынып сағаттары өтті және «Қауіпсіз балалық шақ» тақыбында сурет байқауы ұйымдастырылды..

Мектеп ата-аналарымен «Қауіпсіз балалық шақ үшін!»  атты ата-аналар жиналысы,  5-11 сынып оқушыларымен  «Қауіпсіз жол» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды.

Жаңартылған күні: 30.09.2020 10:07
Құрылған күні: 30.09.2020 10:07

Текст