Текст
Шаймерден Қосшығұлов атындағы Қоғам орта мектебінде 5-9 желтоқсан аралығында жоспар бойынша қазақ тілі мен әдебиетінен апталық өткізіледі. 5-желтоқсан жоспар бойынша 5—сыныпта қазақ тілінен "Уақыттың қадірі" тақырыбында пән мұғалімі Шишанова Сауле Кеңесқызы ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында әртүрлі әдіс қолданылды. "Кофе таяқшалары" әдісі арқылы бейнебаянда көрсетілген саяхатқа байланысты сұрақтар қойылды оқушылар өздері сұрақтарды алып нақты жауап беруге тырысты. Саралау тапсырмаларын ерекше көрермендер алдын-ала дайындаған сұрақтарын қойды. Кері байланыс "Тik Tok әдісі бойынша жүргізілді.