Текст
Шаймерден Қосшығұлов атындағы Қоғам орта мектебінде «Қауіпсіз интеренет» тақырыбында іс-шара өтті.
Мақсаты: Өскелең ұрпаққа компьютер заманында интернеттің пайдасы мен зиянын ажырата білуге үйрету. Сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту. Адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Өз денсаулықтарын сақтай білуге үйрету.
Оқушылар жеке бас туралы ақпараттарды (телефон нөмірі, үйдің мекен-жайы, мектептің атау/нөмірі және т.б.) интернетте жарияламау керектігін, интернеттегі таныстарға өз фотосуреттерін жібермеуді және виртуалды таныстармен жеке ақпараттарды бөлісуге болмайтынғы жөнінде және әлеуметтік желіні уақытымен пайдалану интернеттің пайдасы және зияны түсіндірілді. Видео слайдтар көрсетілді.