"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша  білім бөлімі Қоғам ауылының Шәймерден Қосшығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Шаймердена Косшыгулова села Когам отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алтын сақа» асық ату аудандық турнирі

14.03.2022

   

Қоғам ауылының Шәймерден Қосшығұлов атындағы ЖОББ мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында наурыз мерекесі қарсаңында  көрнекті алаш қайраткері  Шәймерден Қосшығұловтың 148 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында «Алтын сақа» асық ату аудандық турнирі өтті. Бұл турнир біздің мектебімізде  2019 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Турнирге ауданнан 8 мектеп қатысты. Сайыстар «Асық ату» және  «Бес асық» ойындары бойынша өтті. Турнирге қатысушыларды қолдап, Макин ауылдық округінің әкімі Көшкінбаев Жанат Сағындықұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Бекибаева Аягөз Талғатқызы және Шәймерден бабамыздың ұрпақтары келді. Ойын жеңімпаздары кубок, медаль, мадақтама және арнайы сыйлықтармен марапатталса, қалған мектеп оқушыларына белсенділігі үшін мақтау қағаздары табысталды. Алаш қайраткері  Шәймерден Қосшығұловтың рухына бағышталып құран оқылды. Турнирді ұйымдастырып өткізуге ат салысып, демеушілік көрсеткен Шәймерден бабамыздың ұрпақтары мен ел азаматтары. Жарыс қортындысы бойынша «Асық ату» ойыны ұлдар арасында жалпы есеп бойынша  жүлделі І орынды Қоғам ауылының Шәймерден Қосшығұлов атындағы ЖОББ мектебінің командасы  және «Бес асық» ойыны қыздар арасында жүлделі І орынды Макин ауылының  жалпы орта білім беретін мектебінің командасы иеленді. Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсеткен азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

 

Просмотров: 394


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст